Республика күні: Іле Алатауының баурайында «Ашық аспан» акциясы өтеді

inform.kz
inform.kz
Еліміздегі ең үлкен ту осы күнге арнайы әзірленген, нәтижесі Қазақстанның рекордтар кітабына енеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылдың 22 қазанында Іле Алатауының баурайында Республика күніне арналған «Ашық аспан» акциясы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шараны өткізу аясында парашюттен секіру бойынша әлем рекордсмені аталған кәсіби спортшы ауданы 800 шаршы метрді құрайтын  ең үлкен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туымен секіреді.

(ескертпе: Астананың басты ту бағанасында көтерілген тудың ауданы 450 шаршы метрге тең). 

Байрақ осы бірегей оқиға үшін арнайы әзірленген, оның нәтижесі Қазақстанның рекордтар кітабына енеді. Тумен секіру биіктігі 3000 метрді құрайды, бұл ең танымал Шымбұлақ тау шаңғысы курортының деңгейінен де жоғары.

Бастаманы ұйымдастырушы патриоттар тобы мүшелерінің пікірінше, бұл акцияның мақсаты — барлық қазақстандықтардың патриоттық рухын нығайту, сондай-ақ ұлт болып бөлінбей, бір-біріне деген толерантты қарым-қатынас пен бейбіт аспан концепциясын қолдау болып табылады.

Іс-шараның басты ұраны — «Ашық аспан», ол қазақстандықтардың тұтастығын, бейбіт аспан астындағы тыныш өмірдің идеясын қамтиды, сондай-ақ бейбітшілікті сақтау мәселесі мен Қазақстан Республикасы тұрғындарының әл-ауқатын одан әрі арттыру қажеттілігін білдіреді.

Акцияны Жомарт Қияс, Ескендір Ибрагим, Құрманбек Жұмағали, Спатаев Темір, Дарменов Алжан, Мырзабеков Тойбектен тұратын бастамашыл топ ұйымдастырды.

Новости партнеров