Спорттық іс-шараға 8 ауданның командаcы қатысты
Ұлттық мереке қарсаңында алматылық желтоқсаншылар арасында воллейболдан жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спорттық іс-шараға 8 ауданның командаcы қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттаған желтоқсаншылар тартысты ойында өзара кіл мықтыны анықтап, үздік шабуылшы және қорғаушы сынды номинацалар бойынша марапатталды.
«Ойнап жатқан жігіттер спортшы болған. Солар енді мына жастарға үлгі болсын. «Төртеу түгел болса төбедегі келер, алтау алау болса ауыздағы кетеді» деген. Сондықтан барша қазақ елін бірлікке, ынтымаққа шақырамын», – деді «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев.