Тележүргізуші Айдай Исаева Республика күнін атап өту дұрыс шешім екенін айтып, оны қолдайтынын жеткізді.
"Республика күні - тарихи маңызы жоғары ұлық мереке. Бұл мерекенің қайта тойлануын қолдаймын, себебі жастар тарихымызды біліп жүретін болады", - деді тележүргізуші.
29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.
Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.