Республика күнінің маңызы өте зор. Осылай деген желтоқсаншы Сәкен Иманқұлов халықты Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Республика күні мерекесінің маңызы зор. Себебі ата-бабаларымыз қаншама жыл аңсаған Тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Барша қала тұрғындарын, қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын", - деді желтоқсаншы.
29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.
Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.