Республика күні - егемендігімізді айқындайтын мереке

19.10.2022 23:03

Республика күні - егемендігімізді айқындайтын мереке.  Актер, тележүргізуші Бауыржан Сатов осындай пікір білдірді. Актер бұл мерекені отбасымен тойлайтынын айтады. 

"Тәуелсіздік күнінен бөлек, Республика күні ол біздің еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайтын мереке. Сол себепті біз қай мерекені тойламасақ та, Республика күнінде Тәуелсіздікке жеткен күнімізді, Тәуелсіздікке жеткен жолдарымызды еске ала отырып,  көк туымызбен мақтанатын мереке деп білемін. Республика күнің отбасымызбен тойлаймыз. Бұл мереке әрбір қазақ үшін маңызды мереке деп ойлаймын", - деді актер, тележүргізуші Бауыржан Сатов.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.