Республика күнін әр азамат мақтанышпен күтеді

egemen.kz
egemen.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел үшін ерек Республика күні биыл ауқымды аталып өтуі тиіс. Өйткені мемлекеттің егемендікке деген нақты қадамы осы датадан басталады. Бұл – ел алдында жүрген аға буын өкілдерінің пікірі, деп хабалайды Almaty.tv.

Олар халық арасында да бұл күннің зор сипатқа ие екенін айтады. Себебі Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағыдай, әр азамат бұл күнді қуанышпен, мақтанышпен күтеді.

«Биылдан бастап бұл мереке ұлт мерекелерінің тізіміне енгізіліп жатыр. Бұл –  жетістік, қуаныш. 90 жылдары 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған. Бұл – 70 жыл бойы армандаған тәуелсіздікке қарай алғаш басқан қадамымыз», – деді әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова.

«Үлкен көлемде ғана тойланып өтетін нәрсе емес. Әрбір отбасы үшін орны бөлек, қымбат мереке деп есептеймін. Сондықтан да Республика күні – Қазақстан халқына мереке. Үлкен жетістік деп айтуға болады. Бұл жетістікке жеткен де бар, жетпеген де бар», – деді актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда.

Новости партнеров