Мегаполистің “Желтоқсан” саябағында Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. "Желтоқсан" ҚБ және Алматы қаласы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдерінің қатысуымен ағаш отырғызу, сондай-ақ саябақтың іргелес аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Желтоқсаншы Бақыт Үсербаев Республика күнінің маңызы жайлы айтып, қазақстандықтарды алда келе жатқан ұлық мерекемен құттықтады.
"Республика күні ата-бабаларымыз аңсап кеткен күн. Сол күнімізді ата өтіп жатырмыз. Оған да мың алғыс. 25 қазан – Республика күні қазақ жастарына үлгі-насихат. Жастар осы күнді бағалап, қуанышты күндеріміз көп болсын", - деді желтоқсаншы Бақыт Үсербаев.