Егемендік алған күніміз – Әділ Ахметов

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде алғаш рет аталып өтеді. Елге танымал өнер адамдар қазақстандықтарды ұлық мерекемен құттықтауды бастап кетті. 

«25 қазан ұлттық мереке болуы өте маңызды. Бұл күн – біздің егемендік алған күніміз. Сондықтан да қастерлеп, бағалауымыз керек. Ұмытпауымыз керек. Әрбір сәт өз уақытында аталып өткен жөн деп есептеймін. Елімді, отандастарымды ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Амандық, саулық тілеймін. Еліміз өсіп, өркендей берсін. Әр күніміз – мерекелі, әр ісіміз – берекелі болсын», – деді Жастар театрының директоры Әділ Ахметов.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.


Новости партнеров