"Тәуелсіздік әр мемлекетке бір-ақ рет беріледі". Осылай деген ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев Егемендік декларациясы қалай қабылданғанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
“Қазақстанның декларациясы 1990 жылы 25 қазанда қабылданған. Ол кезде компьютер болған жоқ, сондықтан Тәуелсіздік декларациясы қол санауы арқылы қабылданған. Қазақстанның туған күні осыдан басталған. Тәуелсіздік әр мемлекетке бір-ақ рет беріледі”, - деді академик Асқар Жұмаділдаев.