Шабдарбаев Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа бұл шешімнің оңтайлы болатынына ешкім сенбегенін айтты
Мемлекет қайраткері Амангелді Шабдарбаев Астана күні қарсаңында барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, Нұр-Сұлтан қаласының аз уақытта қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
А. Шабдарбаев астананың көшірілетінін жариялаған кезде Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа бұл шешімнің оңтайлы болатынына ешкім сенбегенін айтты.
«Сол кезде мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қасында болдым. Бұл шешімнің сәтті болатынына сенбедім. Бастапқы кезде бұл жерде жел соғып, маса көп еді. 30 жылдың ішінде бұл қала танымастай өзгерді. Елбасының тағы бір шешімі – өз валютамызды жасау. Тәуелсіздік алғаннан кейін барлық ТМД елдері рубль аймағында болды. Біз одан шыққымыз келмеді. Өйткені бұл бізге қолайлы әрі тұрақты болды. ҚР Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі жаңа валюта – теңгені айналымға енгізді. Сол жылдары біз көптеген тарихи сәттерге куә болдық. Біз 90-жылдардан бастап үлкен жолды жүріп өттік. Енді сол жетістіктерімізді мақтан ете аламыз. Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын», – деді А. Шабдарбаев