Бүгінде Алматы полициясы гарнизонында алты мыңнан астам адам бар. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне орай қызметінде жоғары көрсеткіштерге жеткен әрі өз ісінің кәсіби мамандары болып саналатын полицейлер марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіп сақшыларына медаль, Құрмет грамотасын салтанатты түрде тапсырды.
«Барша қазақстандықтар үшін қасиетті күн – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында біз қоғам қайраткерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің, әрине, полицейлердің еңбегін атап өтеміз. Сіздер халықтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудасыздар, Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етесіздер. Ең бастысы, қала тұрғындары өздерінің қорғалғанын сезінуі керек. Ол үшін біз қажеттінің бәрін жасаймыз»,– деді Б. Сағынтаев әрі жиналғандарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен, Алматы қаласы әкімінің өкімімен және ПД бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, кәсібилігі, қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін 200-ден астам қызметкер марапатталды.
«Тәуелсіздік мерекесі – үлкен күш-жігердің арқасында осы ұзақ мерзімді құндылыққа қол жеткізген адамдардың көптеген ұрпақтарына құрмет. Біздің алдымызда тиісті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл біздің конституциялық және кәсіби парызымыз және оны жоғары ұйымдастырушылық және сапалы деңгейде орындау – Департамент органдары мен бөлімшелерінің барлық қызметкерлерінің құрметті міндеті», – деп атап өтті Алматы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Өкінішке қарай, осы жылдар ішінде қылмыспен күресте 78 алматылық полицей қаза тапты. Олар Отан алдындағы борышын ерлікпен және адал орындады. Олардың батылдығы мен батырлығы құрметке лайық және еліміздің болашағы үшін қызмет ететін барлық полиция қызметкеріне үлгі болады.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев келесі қызметкерлерді марапаттады:
- полиция полковнигі Әбдірахманов Рустам Тұралыұлы – ПД басшысының орынбасары
- полиция полковнигі Саттаров Манап Ағзамұлы – жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы
- полиция подполковнигі Алмағамбетов Ерлан Дәулетұлы – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы
- Әбілхайыр Ұланбек Бауыржанұлы – Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы
- полиция полковнигі Аухадиев Думан Ғабидоллаұлы – Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы
- полиция лейтенанты Асқаров Дастан Дауренұлы – Алатау аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі
- полиция лейтенанты Орымбек Әбілхан Асылханұлы – Алатау аудандық полиция басқармасының тергеушісі
- полиция лейтенанты Баудинов Тахир Азатұлы – Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы
- полиция лейтенанты Баймырза Ислам Еркінұлы – Түрксіб аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы
- полиция лейтенанты Төлеуқұл Олжас Саятұлы – Наурызбай аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы
- полиция лейтенанты Тәуекелов Әлтайыр Бақытжанұлы – патрульдік полиция полкінің инспекторы
- полиция лейтенанты Оразқұл Абылай Саятұлы – жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы
- қатардағы полиция инспекторы Ахмадиев Тимур Азаматұлы – айдауыл қызметі батальонының инспекторы.