Алматыда Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы ерекше балаларға тосынсый жасады

04.12.2021 01:18

Шараға жүзден астам мүмкіндігі шектеулі бала қатысып, қуанышқа бөленді

Almaty.tv

Алматының қалалық әл-ауқат басқармасы ерекше балаларға тосынсый жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткен шараға 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі бала қатысып, қуанышқа бөленді. Олар үшін әншілер ән салып, аниматорлар түрлі ойындар ойнатты. Ең бастысы, ата-аналар қауымы дән риза.  

«Бүгінгі іс-шара өте-керемет өтіп жатыр. Көңілімізден шықты. Балаларымыз да риза, біз де ризамыз», – деді ата-ана Мира Нәдірова.

«Бір айлық жоспарда осындай мерекелік дастархан жасау, цирк, кинотеатрларға бару сияқты түрлі іс-шараларымыз ұйымдастырып жатырмыз», – деді Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жәнібек Қаратаев.