Бүгінгі ақпаратқа сәйкес, 12 науқас қайтыс болды
Akimat Live бағдарламасындағы тікелей эфир барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев егде жастағы алматылықтарға жанашырлық танытуымыз керек екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазақ қариясы бар үйдің қазынасы бар деп айтады. Егер осы қазынамызды сақтап қаламыз десек, дәрігерлердің айтқанын тыңдап, сол бағытта жүру керек. Үлкен кісілерге вирусты сыртта жүргендер әкеледі. Балаларынан, немерелерінен, ағайын-туысынан жұқтырып алады. Сөйтіп, қазыналы қарияларымызды жоғалтып жатырмыз. Бүгінгі ақпаратқа сәйкес, 12 науқас қайтыс болды. Бәрі үлкен кісілер. Үйде қария болса, баласы да, немересі де үлкен кісінің амандығын тілеуі керек. Сонда ғана біз осы жағдайдан шығып кетуіміз мүмкін. Вакцина қолымызға түскенге дейін», – деп атап өтті Б.Сағынтаев.