Алматы қаласының денсаулық сақтау саласы қауіпті кеселдің 2-толқынына дайын

19.11.2020 00:57

Бүгінде қалада қауіпті індетпен күресу үшін 32 көп салалы стационар жұмыс істеп тұр

Almaty.tv

Алматы қаласының денсаулық сақтау саласы қауіпті кеселдің екінші толқынына дайын. Бүгінде қалада қауіпті індетпен күресу үшін 32 көп салалы стационар жұмыс істеп тұр. Онда барлығы 7 мыңнан астам төсек-орны дайын. Оның 250-і ауыр жағдайдағы науқастар емделетін, яғни жансақтау бөлмелері. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы екі емхананың құрылысы аяқталып пайдалануға берілмек. Бұл туралы жаңа ғана арнамыздың эфирінен өткен Akimat Live бағдарламасында шаһар басышысы Бақытжан Сағынтаев айтты. Бұдан бөлек, қала әкімі күннен күнге ковид жұқтырған жасы егде адамдар санының көбейіп бара жатқанына алаңдаулы.

«Тамыз айында қауіпті кеселді жұқтырған адамдардың орташа жасы 65 пен 70 жас аралығында. Ал, қыркүйек айында 66 пен 61 жас. Қазан айында қайтадан 70 жастағы адамдардың қауіпті кеселді көптеп жұқтырғаны анықталып отыр. Бұдан егде жастағы адамдардың ауру жұқтырғанын көруімізге болады. Сақтық шараларын күшейтуіміз керек», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.