Бастапқы және қайталама нарықта баспана алу үшін 5 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде қалалықтардың сұрақтарына жауап бере отырып, жастарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы келер жылы да жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімінің мәліметіше, 2021 жылдың 10-31 наурызы аралығында «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттар қабылданды, мұнда бастапқы және қайталама нарықта баспана алу үшін 5 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі.
Бағдарлама аясында 1000 жас отбасыларды қамту жоспарлануда, олардың арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтардың азаматтары бар, олар: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО-ның және ҒЗИ-ның оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау саласының және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылы түскен барлық 9 741 өтініштің 5 913-і оң шешілді. 30 сәуірде іріктелген алғашқы 500 қатысушыға өтінім сайтында жолдамалар берілді. Келесі аптада, 7 күннен соң келесі 500 жолдама тапсырылады. Азаматтардың жаппай шоғырлануын болдырмау мақсатында жолдама кезең- кезеңмен берілетін болады.
Б. Сағынтаев бағдарлама үлкен сұранысқа ие екенін, сондықтан оны жүзеге асыру келер жылы жалғасатынын атап өтті. Өтінімді қабылдаудың басталуы туралы ақпарат бағдарламаның сайтында және БАҚ-да жарияланады.