Геннадий Головкин қарсыласы Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңген болатын
Геннадий Головкин жеңісінен кейін қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
«Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бұның барлығы біздің Отанымыз үшін, бірге болсақ біз күшпіз. Алға, Қазақстан», – деді Гена Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.