Қаламызда ел үшін тағдыршешті шешімдер қабылданды – Асылмұрат Тұрғанбеков

11.12.2021 20:17
пресс-служба акима Алматы

Біздің қаламызда ел үшін тағдыршешті шешімдер қабылданды. Бұл туралы қоғам қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Асылмұрат Тұрғанбеков айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шарадан зор ләззат алдым. «Алматы –Тәуелсіздіктің алтын бесігі» – концертке лайықты атау. Біздің қаламызда ел үшін тағдыршешті шешімдер қабылданды, жаңа мемлекеттің қалыптасуының маңызды кезеңдері өтті, мемлекеттілікті нығайтатын Конституция қабылданды. Бүгін бұл туралы бірнеше рет айтылды. Іс-шараны ұйымдастырудан, акустикадан және орындаушылардың өзінен және попурри орындаудан өте жақсы әсер қалды», – деді қоғам қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Асылмұрат Тұрғанбеков.