«Қазақавтожол» басшылығы өз кінәләрін мойындады

26.12.2016 15:50

«Қазақавтожол» басшылығы мен Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары өз кінәләрін мойындады.  Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәлімдеді. Хабарламада «Астана қалалық Алматы аудандық №2 сотының шешімімен Есеп комитетінің республикалық бюджетті орындауды бақылау жөніндегі мемлекеттік аудиторы Жәңгірбаева, «Қазақавтожол» бас директоры Мұқашев, оның орынбасары Шәмішев, бөлім басшысы Әжіғұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген. Тергеу шараларының барысында Копобаева, Мұқашев, Әжіғұлов, Шәмішев, Қорғанова және Елемесов өз кінәларын толықтай мойындаған. Сонымен қатар, «Қазақавтожол» мекемесінің жемқорлық іске тартылған аймақтық бөлімшелерінің басшылары Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторларына пара беру үшін 16 миллион теңге көлемінде ақша жинауға қатысқанын мойындаған. Оларға қатысты кепілмен босату түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылыпты. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.