Қазақстанда ақылы бөлімге түсетін талапкерлердің ҰБТ тапсырмауы ұсынылды

28.09.2017 22:36

Ақылы түрде оқитын студенттер Ұлттық біріңғай тестілеуге қатыспасын. Білім және ғылым министрлігінің қоғамдық кеңесі аталған ведомстваға осындай ұсыныс тастады. Айтуларынша, сынақтан 50 балдан төмен жинап, отандық жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігінен айырылған түлектер шетелдік білім ордаларының қалтасын қампайтуда.


11 сыныптың оқушысы Айтолқын Қожаеваны алда үлкен сынақ күтіп тұр. Биыл ол алдымен мектепте алған білімін дәлелдеу үшін емтихан тапсырса, кейін жоғары оқу орнына түсу үшін бірыңғай ұлттық тестілеуден өтеді. Мақсаты жыл сайын мемлекет бөлетін 36 мың гранттың біреуін иелену. Сондықтан да бар зейіні оқуда, әр сағаты санаулы.


«Жоғарғы оқу орнына түсуге математика және оқу сауатталағынан тапсыру керек. Математика сауаттылығында да логикалық есептер келеді. 1 сыныптан бастап үйренбегендіктен жаңа форматқа дайынбыз деп айта алмаймыз», - деді оқушы Айтолқын ҚОЖАБАЕВА.


¤Былтырғы оқу жылынан бастап ұлттық біріңғай тестілеу үлгісінің өзгергені белгілі. Бұл жоғары білім алудан үмітті түлектердің санынының қысқаруына себеп болуда. Ал оқуға түсу үшін сынақта 50 балдан кем жинамау керек. Одан төмен болса, арманыңмен қоштаса бер. Алайда тығырықтан шығар жол бар. Ол - шетелдік жоғары оқу орнына ақылы түрде қабылдану. Мысалы, жыл сайын Ресейге оқуға 30 мың түлек аттанады екен. Бұл сырттай оқитындарды қоспағанда. Ал Қытайға кететіндер 12 мыңға жетіп жығылады.


«Өз елімізде оқуға түсе алмаған соң, көрші шетелдерге кетеді. Сондықтан да жоғары білім ордаларында оқу қолжетімді болуы керек. Сыртта оқығанша, өз елімізде оқысын. Біздің қоғамдық кеңес министрлікке осындай ұсыныс тастады. Бұл мәселе әлі де талқыланады», - деді Қазақстан Республикасы БҒМ қоғамдық кеңес төрағасы Серік ИРСАЛИЕВ.


¤«Бала ҰБТ- ға тест тапсырғаны дұрыс сияқты. Себебі, егер де қазір ата-аналарлың еркіне салса, әлеуметтік жағдайларға әкеп тіркеуі мүмкін. Ал ҰБТ тапсырса жауапкершіліктен жалтармайды. Сабақ оқымай, қалтасына сеніп қалуы мүмкін», - деді №73 мектеп-лицейінің мұғалімі Әлпеш ШЕКЕРБЕКОВА.


¤Қоғамдық кеңестегілер бұл мәселемен толықтай келіседі. Біріншіден білімнің сапасы төмендесе, екіншіден техникалық колледждерде оқушылар саны күрт азайып кетуі ықтимал. Алайда, мұндай тәуекелдермен күресу жолдары да бар, дейді қоғамдық кеңес өкілдері. Бұл мәселе әлі де талқыланады.


Әлия Алмауытова, Нұрлан Өтегенлв, «Алматы» телеарнасы Астанадан