Қазақстандағы ашық түсті мұнай өнімдері Ресейге экспортталуы мүмкін

24.08.2017 11:26

Қазақстандағы ашық түсті мұнай өнімдері Ресейге экспортталуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.  Ал бұған дейін Ресеймен ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттамау туралы келісім болған екен. Оған көрші елден бензин мен дизельдік отынды бажсыз әкелу себеп болған. Егер қараша айында екі зауыттан толыққанды  өнім алынса,  желтоқсанда  жағдайды бағамдап, қаңтар айында бұл келісімнен бас тарту туралы бастама көтереміз, деді министр. Нәтижесінде, еліміздегі дизельдік отын мен жанар-жағармайдың қоры 1,5-2 млн тоннаға артығымен болмақ. Осылайша, ішкі нарықты толыққанды қамтамасыз етуге болатын көрінеді. Оған қоса,  экспортқа шығару арқылы жоғары табыс тауып, зауытты жаңартуға алған ауқымды қарыздарын қайтаруға тиімді болмақ.