Қазақстандықтарды жаппай салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу қажет. Денсаулық сақтау комитеттерінің жаңа бағыты осындай. Олар, болашақта ауруханалар мен дәрі-дәрмектер саның артпай, халық денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау керек. Алматы қаласы Медеу ауданы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ұйытқы болуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында халық арасында медициналық сауаттылықты арттыру, өз денсаулығын бақылауға алу бойынша сабақтар өткізу сондай-ақ сауығудың дәрі-дәрмексіз және жалпыға қолжетімді тәсілдерін қолдану мәселесі көтерілді.
«Бір үлкен күрделі мәселе көтереіп жатырмыз. Мына біздің мемлекетте жай медицина адам ауырса қаражат бөлінеді дәрігерлер дайындайды. Жыл сайын көбейіп жатыр больница, поликлиника дейміз. Бірақ, оның бәрі ауру адамдарға. Біз мақсатымыз мына ата-бабаларымыз айтқандай «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» мына ауырмайтын жолды профилактикаден қарау»,- деді «Медеу ауданы қоғамдық денсаулық сақтау комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Талапқали ІЗМҰХАМБЕТОВ.