Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының қамау мерзімі ұзартылды

05.07.2017 16:21

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімі  26 шілдеге дейін ұзартылды. Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты Нартай Дүтбаевтан басқа  Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаевтың қамау мерзімдерін де ұзартты.  Кезінде елдің қауіпсіздік қызметін жауаптанған бұл тұлғаларға қатысты тергеу  құпия түрде жүріп жатыр. Елге танымал шендінің ұсталғаны  өткен жылдың 28 желтоқсанында ғана жарияланған еді.  Қауіпсіздік қызметін 5 жыл басқарған лауазымды қызметтегі  тұлғаларға  "Мемлекеттік құпияны жария етті" және "Билік пен қызметтік өкілдігін асыра пайдаланды" деген  айып тағылған.