Алматыда жолаушылардың жүгіне ұрлыққа түскен әуежай қызметкерлері 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы тиісті өтінішті Түрксіб аудандық соты қанағаттандырды. Ұрлық жасады деген үш күдікті қазір уақытша ұстау изоляторынан Ішкі істер департаментінің тергеу изоляторына ауыстырылды. Еске сала кетейік, Алматы әуежайындағы халықаралық терминалдан халықаралық рейс жолаушыларының жүктерін тонады деген 4 күдікті ұсталған болатын. Олар өздерінің 2 ұрлыққа қатысы бар екенін толық мойындап үлгерді. Жалпы, қылмыстық іс әуежайдың 5 жүк тиеушісіне қозғалған болатын. Қазіргі уақытта полиция бесінші фигурантты іздестіріп жатыр.