Әблязов ұрланған ақшаға үш жеке әуе ұшағын сатып алған

Әблязов ұрланған ақшаға үш  жеке әуе ұшағын сатып алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әблязов ұрланған ақшаға үш  жеке әуе ұшағын  сатып алған. БТА Банк өкілі Талғат Амантай  Әблязовтың басқаруымен офшор компания арқылы миллиондаған долларлардың қалай жымқырылғандығы туралы айтты. Бұл жолғы сот отырысы БТА банкі басшыларының "Сирия-Альянс" офшорлы компаниясына заңсыз кредиттік қарыздар бергені айтылды. Сотқа кезінде Әбілязовпен бірге жұмыс жасаған  Қыздарбекова мен Қуатбековалар куәгер ретінде тартылды. Ал Садықов, Жарымбетов, Мамыш бастаған адамдар сотқа адвокаттарымен бірге қатысып, жауап беріп отыр. Зардап шегуші тарап "Сирия Альянсқа" бөлінген банк қаржылары арнайы құрылған компания бақылауымен жүзеге асып отырған дейді. Амантайдың айтуынша, 2008 жылы "Сирия Альянс" компаниясына заңсыз түрде 2 млн 280 мың доллар аударған. Несиеге беру жолымен аударылған ақша бұнымен бітпейді. Банк басшылары жалған компанияға жалпы құны 10 млрд 604 миллион  теңге несие берген.

"Кредиттік қаржыға "ExellentFlight" компаниясынан  құны 4 миллион доллар тұратын үш әуе ұшағы сатып алыныпты. Естеріңізге салсақ, сәуірдің үші күні Әблязовтың ісі бойынша басты сот отырысы басталған. Әблязов өзге ел азаматтарын қосқанда 100 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. 

Новости партнеров