Балабақшадағы ертеңгілікте Аяз ата қайтыс болды

19.12.2018 14:16

Жүрегіне күрделі ота жасатқан театр актері сахнада қойылымдарға қатысуын тоқтатпаған

Ресейдің Кемерово қаласындағы балабақшалардың бірінде ертеңгілік кезінде Аяз ата болып киінген ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik.

Қарт кісінің жүрек тұсы ауырған. Мекеме қызметкерлері тез арада жедел жәрдем шақырғанымен, әртіс олар келгенше көз жұмды, деп жазды Vse42.ru.

Кейінірек анықталғандай, ер адам қалада танымал театр актері екен. Валерий Титенконың әріптестерінің айтуынша, әртіс жүрегіне күрделі ота жасатса да, спектакльдерге қатысып, өзін аямастан беріліп жұмыс істеп жүрген.

Қараша айының басында Алматыда осы жайтқа ұқсас қайғылы оқиға болды. Хэллоуин кешінде танымал қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожин көз жұмған. Ол үш метр биіктікте «арқанға асылып тұрған» мумияның рөлін сомдаған.

Биыл көктемде Флорида штатының Тампа қаласында Cirque du Soleil қойылымы кезінде акробат биіктен құлап, қаза тапты.