Әлем чемпионы жол апатынан қаза тапты

03.10.2018 14:40

Бокстан орта және жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Грациано Роккиджани 54 жасында жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Bild неміс басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Германияның атынан кәсіби рингке шыққан Роккиджаниді Италияда таңертеңгі серуен кезінде көлік қағып, мерт қылған. Грациано өз мансабында 48 жекпе-жек өткізіп, 41 рет (соның ішінде, 19 рет нокаутпен) жеңіске жеткен. Роккиджани 2003 жылдың мамырында неміс боксшысы Томас Ульрихтан жеңілгеннен кейін спорттық жолын аяқтап, бапкерлік жұмыспен айналысатынын мәлімдеген еді.