Таразда өртенген қоқыс арасынан нәрестенің денесі табылды

01.11.2018 14:40

Таразда қоқыс өртеніп, оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жапырақ арасынан жаңа туған сәбидің денесін тапты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қоқыс маңында тұратын тұрғындар жалынды байқап, өрт сөндірушілерді шақыртқан.

Өрт сөндірушілер өртгенген жапырақ арасынан жаңа туған ер баланы өлі күйінде тауып алған. Куәгерлер жарты сағат бұрын қоқыс контейнерлерінің жанында екі қызды көріпті.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, полиция нәрестенің неден шетінеп кеткенін, қала орталығында қоқысты кім өртегенін және сәбидің анасы кім екенін анықтап жатыр.