Оралда әйелін оқтаумен сабап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

16.10.2018 14:49

Орал қаласында әйелін оқтаумен сабап өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды sn.kz.

Оқиға 13 шілде күні болған. Ішімдікке тойып келген ер адам азаматтық некедегі әйелін жағынан тартып жіберіп, сосын оқтаумен сабаған. 10 рет алған соққыдан кейін, әйелі сол мезетте қайтыс боп кеткен.

БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің «жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу» бабына сәйкес кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.