Ақтауда үйден адамның сүйектері табылды

19.12.2018 14:50

Ақтауда пәтер иелері кооперативінің жұмысшылары үйдің жертөлесінен адамның сүйектерін тапты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Оқиға 12 желтоқсан күні шамамен таңғы сағат 08:00-де болған. «Ғалия» пәтер иелері кооперативінің жұмысшылары 7-ші шағын аудандағы №8 үйдің жертөлесін тазалап жатып, адамның сүйектерін тауып алған. Олар бірден оқиға орнына полиция шақырады.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бұл жайтқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Еске сала кетсек, Ақтауда шілде айында қоқыс контейнерінен ер адамның денесі табылған еді. Сондай-ақ, үйлердің бірінен 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған болатын, деп жазды Lada.kz.


Теги: үй пәтер