«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы – Исамдун Харамов

23.07.2018 16:42
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы – Исамдун Харамов. 
Исамдун Харамов – жоғары санатты балалар ортопед-травматологы.
1989 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне оқуға түскен.
1995 жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бітірген.
Исамдун Харамов сколиоздың ауыр формасымен түскен балаларға күрделі ота жасайды.
Аталған операция 3-4 сағатқа, кейде тіпті, 7-8 сағатқа созылады.
Бұрын бұл ота тек Астана қаласында ғана жасалатын...
Харамов 2010 жылы «Жамбасы қисық біткен балаларды оңалту» тақырыбында диссертация қорғаған.
2016 жылы медицинаға сіңірген еңбегі үшін «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды. 
Ол мыңнан астам науқас балаға қол ұшын созған.
Қазіргі таңда С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің «Ақсай» университеттік клиникасында қызмет етеді.

Цитата

«Әкемнің ауыр сырқаты менің жаныма қатты батты. Сондықтан бала кезімнен дәрігер болуды армандап, әкемді емдегім келді. Ең алғаш екпе егуді 5-сыныпта үйренгем.  Менің ойымша, ақ халат киген әрбір дәрігер Қазақстан халқының денсаулығы үшін еңбек етуі тиіс».