«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы – Мәулен Бектұрғанов

16.08.2018 20:30
Мәулен Бектұрғанов – жас өнертапқыш, инженер. 
Мәулен Бектұрғанов 1994 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.
1998 жылы отбасымен бірге Алматы облысы Қарғалы ауылына қоныс аударған.
Мәулен 9-сыныптан кейін Алматыдағы физика-математика мектебінде оқыған.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін бітірген.
2015 жылы алғаш рет бионикалық протез қол жасауды бастады.
Мәуленнің төртінші жұмысы сәтті шыққан.
Бионикалық протез III топтағы мүгідектерге арналған. Ол адамның табиғи қолы секілді барлық функцияны атқарады.
Мәуленге протез жасауға ата-анасы көмектеседі. Оның әкесі – инженер, анасы – дәрігер.
Алматыда қолдың 3D моделі басылып шығарылды, ал кейбір бөліктері АҚШ-тан тапсырыс арқылы әкелінеді. 
Мәулен Бектұрғанов «MBionics» компаниясының негізін қалаған.
Жас ғалым алда бионикалық протездерді өндіруді жоспарлап отыр.

Цитата

«Қазақстан жастарының ойы мен қиялы, пікіріне шек қойылмайды. Қоғамда көпшілік батыс мәдениетіне еліктеушілікті қате деп таниды. Алайда әр нәрсенің жақсы тұстары болатынын ұмытпаған жөн. Еуропада адамдар еркін ойлайды, адамның мүмкіндігін шексіз деп бағалайды. Осының арқасында олардың экономикасы да, әлеуеті де қарыштап дамуда. Бізге де еркіндік қажет. Ой еркіндігі, пікір еркіндігі. Арманыңды іске асырудан қысылмау керек».