Ақтауда 50 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті

Ақтауда 50 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетпе елді мекенінің 50 жастағы тұрғыны Гүлбибі Бимырзаева Ақтау қаласында 30 қараша күні жоғалып кеткен. Туысқандары әйелді әлі таба алмай келеді. Оған қатысты ақпарат бергендерге туысқандары 300 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындаған. Бұл туралы lada.kz-ке сілтеме жасап, деп жазады sn.kz. 

Гүлбибі Бимырзаеваны соңғы рет Ақтаудың 11-ші және 12-ші ықшамаудандарында көрген.

Ол үстіне жасыл болонь пальто киген, басында көк орамал болған.

Із-түссіз жоғалып кеткен әйелдің туыстары қандай да бір ақпарат білетіндерге 8 701 403 26 19 (Дәулет), 8 708 296 63 72 (Арайбек), 8775 886 44 13 (Өсербек) немесе 102 нөміріне хабарласуларын өтінеді.


Новости партнеров