Назарбаев Астанада Ресей, Қытай, АҚШ және ЕО кездесуін өткізуді ұсынды

Назарбаев Астанада Ресей, Қытай, АҚШ және ЕО кездесуін өткізуді ұсынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемдік державалар барлық уақытта да әлемдік істерге үлкен жауапкершілікпен келуі тиіс. Бұл туралы елордада өтіп жатқан  Астана клубының жалпы отырысында ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы күндері Парижде бірінші және екінші әлемдік соғыстардың келіссөздер мен диалогтың болмауы салдарынан басталғанын айтуда. Менің ұсынысым, адамзаттың болашағы тұрғысынан алғанда әлемдік державалар барлық уақытта да әлемдік істерге үлкен жауапкершілікпен келуі тиіс. Әсіресе, Ресей, Қытай, АҚШ  және Еуропалық одақ», -  деді Елбасы.

Қазақстан Президентінің пайымынша, осынау төрт тарап қазіргі жағдайда диалогтың жаңа форматын табуы тиіс.


Новости партнеров