Кәрім Мәсімов жауынгерлік өнер ассоциациясының президенті болып тағайындалды

27.11.2018 15:26

Кәрім Мәсімов жауынгерлік өнер ассоциациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

26 қарашада Астанада Rixos қонақүйінде өткен отырыс барысында Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт түрлері бойынша аккредитациядан өткен спорттық Федерациялар жаңадан құрылған жауынгерлік өнер ассоциациясының қарамағында болатыны шешілді.

Шараға аккредитациядан өткен спорт түрінің 20 өкілі қатысты. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы төрағалық етті.  Отырыс барысында президент сайлаудан бөлек, спорттық ұйымның басқарушы мүшелері тағайындалды.

Бірінші вице-президент болып Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы тағайындалы, ал бас хатшы - Аманқұлов Фархат Әменұлы.  Жауынгерлік өнер ассоциациясының вице-президенттері қатарында Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы, Жошыбаев Рапиль Сейітқанұлы, Найзабеков Тәжімұрат Толыбайұлы және Жарасбаев Серік Маратұлы бар. 

Ассоциация төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: каратэ, күрес, барлық дене мүшелерімен айқасуға рұқсат етілген спорт түрлері, ММА аралас жекпе-жектері. 

Дереккөз: Tengrinews.kz