Байқауды Мәшһүр Жүсіп мешітінің қыздар және әйелдер секторы ұйымдастырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Келіндер Құран оқу, ас әзірлеу, қолөнер және өз ұлтының салт-дәстүрін білу бойынша сынға түсті.
«Қорытындысында Нұргүл Ақжігіт, Гүлнұр Хамидоллаева, Балнұр Зұлпыбекова, Айнұр Мұратбек, Ардақ Асқар, Ақтоты Сапарәлі үздік атанды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды», - деді баспасөз қызметінде.
Байқау «Лайықты әйел болудың мәні» атты бейнежазбамен аяқталды.