Алматы әкімдігі қысқа дайындығы нашар тасымалдаушылармен кесілімшартты бұзуға кірісті.
Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлағандай, көбінесе тұрақтылық кестесін бұзған, қысқа дайындығы көңіл көншітпейтін тасымалдаушыларға айыппұл салынып, бағдарлары басқа компанияларға берілді.
«Қала әкімдігі оларға жеткілікті дәрежеде қаржы беріп отыр. Соған қарамастан кей компаниялар маршруттарға қызмет көрсету келісімшартын бұзуда. Ендігі кезекте тасымалдаушыларға бөлінетін демеуқаржының көлемі қайта қаралуда. Олардың кейбірімен келісімшарт бұзылады. Мәселен, «Green bus» компаниясына тиесілі №37, №79 маршруттар басқа тасымалдаушыларға берілді», - делінген баспасөз қызметінде.
Осыған байланысты басқарма басшысының орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.
Айта кетерлігі, жыл аяғына дейін Алматыда қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға жететін болады. Өткен аптада қалаға тағы 200 жаңа автобус келген болатын. Оның ішінде, BRT желісіне 18 метрлік автобустар шықты.