Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі

09.01.2019 16:13

Биыл Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есімі ел есінде жатталған сахна саңлағының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады. Әмина Өмірзақова жарты ғасырдан астам уақытын театр сахнасына арнап, 150-дей кейіпкердің рөлін сомдады. Кино саласына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Оның әсіресе, ана бейнесіндегі «Ана туралы жыр», «Тақиялы періште», «Шаңырақ» фильмдері әлі күнге дейін экраннан түскен жоқ.

«Әмина апамыз Мүсірепов театрында саналы ғұмырын арнап, тер төгіп, талай көрермендерін қуантқан. Биылғы жыл біздің театр үшін мерейтойлы жыл болады. Біз қазір жобаларын жасаудамыз. Осы категория бойынша: « Ақтөбелік дәрігерлер Гиннестің рекордтар кітабына енді 2018 жылы «Бәйтерек» монументін жарты миллионнан аса адам тамашалаған», – деді Ғ.Мүсірепов атындағы ҚМАБЖ театры директорының міндетін атқарушы Азамат Сатыбалды.