Алматы полициясы алаяқтардың фотожурналын жасады

02.11.2018 16:20

Алматы полициясы алаяқтардың фотожурналын жасады. Бұл деректер енді әлеуметтік желілерде таратылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топтаманы жасауға әлеуметтік желідегі халықтың белсенділігі ықпал еткен.

«Бүгінде біз үшін БАҚ пен әлеуметтік желіні пайдаланып осы қылмыскерлердің кім екенін анықтау өте маңызды. Одан кейін оларды тауып алып, ұстау бірнеше күннің еншісінде. Жобаны жасамас бұрын ғаламтор желісінде анализ жасалды. Әлеуметтік желі арқылы бірқатар ауыр қылмыстардың беті ашылған. Кейбір азаматтық позициясы өте берік, заңға бағынатын адамдардың бұған ықпалы тиіп жатыр. Оған өте қуаныштымыз. Егер осы топтамадағы адамдарды танып жатсаңыздар 8-747-255-93-64, 8-747-255-93-73 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз», – деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл журналда сыртқы бейнебақылау камераларынан түсірілген видео, фотолар жинақталған. 9 файлда алаяқтардың, қылмыскерлердің сұлбасы, бет-жүзі көрсетілген.

Мұның алдында Алматы полициясы автобөлшектерді ұрлауды кәсіпке айналдырған әккі ұрылардың суретін қоғамдық орындарға ілген болатын.  

Сонымен қатар, полиция басқа да заңсыздықтардың алдын алу үшін видео мен фото салынған интернет-пабликтерді бақылау үшін арнайы жұмыс тобын құрды.

Суреттер мен видеолардың сілтемесі мына жерде:

https://drive.google.com/open?id=1gVPJiZlQ1fOFlIbdcUXLIml9eWGtfzUZ


Теги: фото