Үйленуге ұсыныс жасамақ болған жігіт сәтсіздікке ұшырады

04.12.2018 16:28

Нью-Йорк полициясы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кезде кәріз құдығына жүзікті түсіріп алған ер адамды іздеп жатыр. Бұл туралы New York Police Department ресми Twitter парақшасында хабарланған.

«Таймс-скверде қалыңдығының жүзігін түсіріп алған адамды іздеп жатырмыз! Қыз «иә» деп жауап бергенде жігіттің қатты қуанғаны сонша, қолындағы жүзікті кәрізге түсіріп алды», — деп хабарлайды полицейлер.

Олар асыл бұйымды тазалап, бақытты жұпқа қайтарып бергісі келеді екен.

Бұл жайт желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады.

«Енді олардың әрбір ұрыс-керісі: «Жүзікті кәріз құдығына құлатқан мен емеспін» деген сөздермен аяқталатын болды», — деп қалжыңдайды @jimreittinger.

«Бұл ең өкінішті әрі ең күлкілі үйлену туралы ұсыныс болған шығар. Әлі-ақ немерелеріне айтып отырады», — деп жазады @RaychelTania.

«Жіпке тағып қою керек еді», — деп келемеждейді @HerbSpeaks.