Облыстық оғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Гүлбақыт Наурзалинаның айтуынша, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында жеке кәсіпкерлердің атына ұйғарымдар толтырылған. Жоспардан тыс тексерістер жүргізіліп, нәтижесінде 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Мәселен, ішек таяқшасы тобының бактериялар, патогенді микроағзалар табылған. Санитарлық-гигиеналық, техникалық регламент талаптарының ауытқуы көбінесе аспаздық өнімдер, сүт және сүт өнімдері, құс еті және балық өнімдері арасынан анықталды. Сәйкес келмейтін өнімдердің басым көпшілігін импорттық тауарлар, соның ішінде Ресей Федерациясының өнімдері құрайды.