Мәскеудің оңтүстігінде әйел адам құрбысын қызғаныштан пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап.
«Тергеу мәліметі бойынша, 2018 жылы 16 қарашада кешке Мәскеу қаласы Ереванская көшесінде орналасқан үйдегі пәтерде әйел адам қызғаныштан танысының мойнына пышақ салған», — деп хабарлайды ведомство.
1975 жылы туған әйел алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырыпты.
Қазір тергеушілер күдікті әйелден жауап алып жатыр, тергеу барысында оқиғаның мән-жайы түгел анықталатын болады.
Дереккөз: Sputniknews.kz