Шымкентте бір күннің ішінде 717 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

14.12.2018 16:42

Шымкент қаласында бір күннің ішінде 717 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Шымкент қалалық  Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел профилактикалық іс-шарасының тәулік ішінде жалпы 49 қылмыс тіркеліп, оның – 38 ашылған, іздеуде жүрген – 1 , есірткі заттарын сақтау және тасымалдау үшін – 1 және атыс қаруын алып жүргені үшін – 2 қылмыскер ұсталған.

Сондай-ақ 717 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, оның ішінде: ұсақ бұзақылық – 18; қоғамдық орындарда мас күйде болу – 45; мас күйде автокөлікті басқарғаны үшін – 3; қарсы бағытқа шығу – 2; қауіпсіздік белбеуін немесе мотошлемдерді қолдану ережелерін сақтамау – 49; Қазақстан Республикасында болудың белгіленген ережелерін бұзу – 6.

Сонымен қатар, жедел профилактикалық іс-шара барысында полицейлер қабылдап-тарату орындарына – 19 , ал уақытша уытсыздандыру және интоксикация орталықтарына – 38  азаматты жеткізді.


Айта кетейік, 12-14 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін» мерекелеу қарсаңында көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды алдын алу және жолын кесу болып табылады.