Миллионер 21 жылдан соң балаларының әкесі әйелінің көңілдесі екенін білді

08.01.2019 16:47

Соттасқаннан кейін екі ұлы Ричардпен байланысын үзді, ал үшіншісі қоштасу хатын жолдаған

Миллионер 21 жылдан кейін үш баласының өзінікі емес екенін білді. Бұл туралы дәрігерлер Ричард Мейсонның туғанынан бедеу екенін анықтаған соң белгілі болған. Енді оның бұрынғы әйелі 250 мың фунт стерлинг өтемақы төлеуге міндеттеледі, деп хабарлайды Sputnik.

Ричард біреудің балаларын тәрбиелеп жүргенінен мүлдем бейхабар болған екен, бір күні дәрігерлер оған қорқынышты диагноз қойыпты — муковисцидоз. Бұл әйелдер мен ерлерді бедеулікке шалдықтыратын, атадан балаға берілетін дерт. ДНҚ сынамалары көрсеткендей, 21 жастағы тұңғышы мен 17 жастағы егіз ұлдары оның балалары болмай шықты.

55 жастағы Ричард балалардың туған әкесі әйелі 1990 жылдардың соңында көңіл қосқан ер адам деп санайды. Ажырасқаннан соң он жылдан кейін әйел күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындаған, бірақ көңілдесі балалары жайында біле ме, жоқ па, белгісіз.

Енді миллионер әйелі ажырасқан кезде талап еткен ақшаның біраз бөлігін қайтарып алу үшін шағым түсірді, сонымен қатар алаяқтық жасады деп айып тақты. Қазір екі ұлы онымен байланысын үзген.

Өткен айда үшінші ұлы Ричардқа хат  жазып, оны қаншалықты жақсы көретінін, әлі әкесі деп санайтынын айтыпты.


Теги: Миллионер