10-16 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамы

07.12.2018 16:56

Алматылықтар үшін алдағы апта қыдыруға қолайлы болмақ. Себебі ауа температурасы +5 градусқа дейін жылы болады.

Дүйсенбі, 10 желтоқсан күні аспанға көшпелі бұлт шығады. Термометр бағаны күндіз +3, түнде – 3 градусты көрсетеді. Қар жаумайды.

Сейсенбі, 11 желтоқсанда ауа температурасы күндіз +3, түнде – 6 градус болады.

Сәрсенбі, 12 желтоқсанда күн жылы болады. Күндіз термометр бағаны +3, түнде – 6 градусты көрсетеді.

Бейсенбі, 13 желтоқсанда ауа температурасы күндіз +4, түнде -4 градус болады.

Жұма, 14 желтоқсанда термометр бағаны күндіз +5, түнде – 4 градусты көрсетеді. Көшпелі бұлт шығады.

Сенбі, 15 желтоқсанда күн бұлтты болады. Ауа температурасы күндіз +3, түнде -6 градусты көрсетеді.

Жексенбі, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қар жаууы мүмкін. Термометр бағаны күндіз +2, түнде -7 градус көрсетеді.

Ауа райы болжамы intellicast.com сайтынан алынған.



Теги: прогноз