Қазақстанда тауық еті мен жұмыртқа қымбаттады

02.10.2018 17:00

Қазақстанда ет және жұмыртқа бағасы көтерілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі EnergyProm.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша  жұмыртқа бағасы 7,1%-ға, тауық еті 1,6%-ға, жылқы еті 1,7%-ға, сүт, май, сүзбе және ірімшік бағасы 1%-ға өскен.   

Ал көкеністер бағасы керсінше арзандады. Мысалы, сәбіз бағасы бір айдың ішінде 21%-ға, қызылша 13%-ға, пияз 11%-ға, картоп 9%-ға төмендеген.