2019 жылы бірқатар алматылыққа тегін түскі ас беріледі

25.12.2018 17:07

«Қайырымды түскі ас» жобасының Алматылық ұйымдастырушысы Расима Темербаева 2019 жылы  халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін түс ас беруді қамту жолдарын кеңейтуді жоспарлауда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«400 адамды түскі аспен қамту жоспарымда бар. Ал қазіргі таңда 134 адамға тегін тамақ ұсынудамын», - деді жоба ұйымдастырушысы.

Кәсіпкер бұл көрсеткішті алда 1 мың зейнеткерге және көп балалы отбасыларды қамтуды көздеуде.

«Мәзір «№5 стол» диетасына сәйкес келеді, өйткені зейнеткерлік жастағы адамдар көбінесе қант диабетінен зардап шегеді. Біз мәзірді әр күн сайын ауыстырып отырамыз. Мысалы, балық котлетін буға дайындаймыз, тауық етін және етті көкөністермен бұқтырып  пісіреміз», -деді Р.Темербаева.

Жобаны ұйымдастырушы болашақта тынығу Орталығын ашуды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, бұл жоба мұқтаждарды азықтандыруға ғана емес, қоғамның әлеуметтенуіне де мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қордың банк шотына ақша қаражатын аудару арқылы кез келген адам жобаға қолдау көрсете алады.



Теги: обеды