Алматыда «Тәуелсіздік таңы» монументінің алды абаттандырылды

22.10.2018 17:20

Егер бұрын көлік қозғалысы бөлігі ескерткішпен түйісіп тұрған болса, енді мұнда кеспе тас төселіп, қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілді әрі жасыл желек отырғызылды.

Қала әкімі Бауыржан Байбек бұрын Желтоқсан көшесін аралаған кезде «Тәуелсіздік таңы» монументіне келіп, тағзым етушілер үшін шағын қауіпсіздік аймағын жасауды тапсырған еді. Жоғарыда аталған жұмыстар осы тапсырманы жүзеге асыру барысында жүзеге асып отыр.

Айта кетерлігі, Алматыда тарихи орталықтың үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аула қайта жасалды.

Жыл аяғына дейін қаланың жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны жинақтаушы шамдарға ауыстырылады, жаңарған қоғамдық көліктің үлесі 80%-ға жетеді.