Кондитерлік цех жұмысшыларынан ішек таяқшасы табылды

Кондитерлік цех жұмысшыларынан ішек таяқшасы табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Санитарлық дәрігерлер Алматыдағы 14 кондитерлік цех жұмыстарынан заңбұзушылық фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мамандары қаладағы кондитерлік цехтерді бақылау тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Тексеру нәтижесінде көптеген тағам шығаратын цех жұмыстарында  азық-түліктің (тұз, ашытқы, құрғақ жемістер) қауіпсіздігін растайтын құжаттар түгел емес болып шықты.

Сонымен қатар, жұмысшылардың денсаулығына қатысты тексеру де жүргізілмейтіні анықталды. Атап айтқанда, қызметкерлердің іріңді аурулары мен микротравмалары қаралмайтыны анықталды.

Қоймаларда ауа температурасы мен ылғал көрсеткішін өлшейтін құралдар, зарарсыздандыру құралдары да жоқ. Ал тоқаш пісіруге фортифицирленген ұн пайдаланылады.

«Balkaymak» ЖШС сауда үйінің ашықтыларымен піскен «Ай» печеньелерінен микроағзалар табылды. «Magnum Cash-Carry» ЖШС Алматыдағы №7 бөлімшесінде  «Медовый со сгущенкой» өнімінен микроағзалар табылған, өнім көгеріп кеткен. Ал Игеликова Д.М. ЖК «Медовик» тортынан микробтар табылған, көгере бастаған. ЖК Рахимова С.М. «Магия любви» тәтті өнімін де зең басқан, көгеріп кеткен.

Сонымен қатар, «Magnum Cash-Carry» ЖШС Алматыдағы №7 бөлімшесінен, Игеликова Д.М. жеке кәсіпкерлігінің, Рахимова С.М. жеке кәсіпкерлігінің, «Айдын» ЖШС жұмысшыларының кондитерлік цех жұмысшыларының қолынан ішек таяқшасы мен патогенді флора қоздырғыштары табылды. Санитарлық норманы бұзған 14 кондитерлік цех: «Оптовый клуб» ЖШС, «Magnum Cash-Carry» ЖШС Алматыдағы №7 бөлімшесі, «Сауда үйі «Balkaymak» ЖШС, «Айдын» ЖШС, Джуманбаев А.А. ЖК, Игеликова Д.М. ЖК, Рахимова С.М. ЖК, «Magnum Cash-Carry» ЖШС Алматыдағы №7 бөлімшесі  жанындағы «DEGIRMEN» ЖШС, Якубова Н.Н. ЖК, «Скиф Трейд» ЖШС, «Кондитерский комбинат» Виктория» ЖШС, Пашаева Р.М. ЖК, «Айнұр» ЖШС жалпы алғанда 697 мың 450 теңге айыппұл төлейтін болды.

Департамент мамандары супермаркеттер мен дүкендерден пайдалану мерзімі өтіп кеткен немесе көрсетілмеген, орамасы жыртылған, өндірушінің аты көрсетілмеген өнімдерді көрсе 3823454 телефонына хабарласуды сұрайды.


Новости партнеров