Қостанай қаласында жолды рұқсат етілмеген жерден өткен жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«12 желтоқсан күні таңғы сағат 8-де Қостанай қаласының Абай көшесінде «ГАЗ-3102» маркалы көлікті тізгіндеп келе жатқан 23 жастағы жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған», - деп хабарлады Полиция департаментінен.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚК 345-бабының 3-бөлімімен (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) сот алдындағы тергеу амалдары басталды.