Биыл толықтай мемлекет қарамағына алынған «Баум тоғайына» Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледждің 100-ге тарта студенті жиналып, Тұңғыш Президент күнін атап өтті.
Мерекелік шарада жастарға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы мен ерен еңбегі насихатталып, өскелең ұрпаққа мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер баяндалды. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» «Ұлы даланың жеті қыры» секілді Елбасы мақалаларындағы жастарға артылған жүктің маңы талқыланды.
Жиын соңында дәстүрлі әншілер өнер көрсетіп, ұлттық ән мен би өнерін насихаттады.